2012 жылы Лондон қаласының инвесторлары Қазақстан индустрияландыру картасы бойынша қатарға қосылған «Қоңырат мыс компаниясы» ЖШС-ның жұмысымен танысады. Бұл жобаның мақсаты –Қоңырат кен орны жынысты қалдықтарын өңдеу арқылы дайын өнім – катодты мыс алу болатын. Компания алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанда тұңғыш рет мыс шығарылған кен орнының жынысты қалдықтарын өңдеуде шағылыстыру, электролиз және селективті экстракция тәсілін (SX-EW технологиясы) қолдану ұсынылды. Шағын кәсіпорынның өндірістік қуатының кеңеюі оның әлеуметттік маңыздылығын да арттыра түсіп, бүгінгі күнде кәсіпорында 350 адам жұмыс істейді. 2012-2020 жылдар арасында 100000 тоннадан астам - М00к маркалы жоғары сапалы катодты мыс өндірілді. Бүгінгі күнде жынысты қалдықтағы мыстың барланып, анықталған қоры 2034 жылға дейін жететіні белгілі болып отыр.