Музейде алғашқы құрылысшы, "Балқаш жұмысшысы" газетінің редакторы Төкен Ахметовтың туғанына 115 жыл толуына арналған "Болмысы бекзат жан" көрмесі ұйымдастырылды. Т. Ахметов еңбек жолын 1928 жылы Ақтоғай өңірінде бастаған. Сол кезде Кеңес өкіметі қазақтардың жазуын өзгертіп, оны араб қарпінен латын қарпіне ауыстырған болатын. Т. Ахметов қысқа уақыт ішінде латын әліпбиін игеріп, кейінірек ол М. Русаковтың геологиялық барлау партиясындағы алғашқы комсомол ұяшығын ұйымдастырады. Соғыс жылдарында Т. Ахметов 1942 жылдан бастап, "Балқаш жұмысшысы" газетінің жабылғанға дейін (1963 ж.) тұрақты редакторы болып жұмыс істейді. Музей қызметкерлері көрме бойынша жүргізілген тақырыптық экскурсия барысында алғашқы құрылысшылардың есімдерін сақтаған, алғашқы бесжылдықтың басты құрылыстарының бірі – Балқаш құрылысының басталу тарихы туралы баяндайтын «Балқаш жұмысшысы» газетінің тарихындағы журналист Т. Ахметовтың қосқан үлесі зор екенін айтты.