Балқаш қаласының алғашқы құрылысшыларына арналған ескерткіш 1968 жылы 29 қазанда БЛКЖО 30 жыл атындағы(қазіргі - Орталық саябағы) саябақта ашылды.Ескерткіштің авторлары: мүсінші Б. Мұсат, архитектор А. Исмаилов. Ескерткіш қолында еліміздің бірінші бесжылдығының еңбек құралы - күрек ұстатылған биіктігі 5 метрлік жұмысшы фигурасынан тұрады. Бірінші құрылысшының анық, нақты бедерленіп бейнеленген бейнесінен күш қуат, өзіндік нық сенім, қайыспас жігерлілік сезіледі. Оның қасында Балқаш мыс алыбының технологиялық жұмыс циклының түрлі сәттері бедерленіп көрсетілген қабырға орналасқан. Бірінші құрылысшылар ескерткішінің ашылуы кезінде 50 жылдан кейін – БЛКЖО-ның 100 жылдығын атап өтетін балқаштық комсомолдарға арналған арнау хат қабылданды. Хат мәтіні салынған арнайы капсула ескерткіш тұғырының астына көмілді