Қалалық музейде қазақтың дәстүрлі тоқыма өнері коллекциясы бойынша тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Балқаш музейінің қорында халықтың қажетіне пайдаланатын тоқыма бұйымдарының тамаша үлгілері өте көп. ХХ ғасырдың басынан аяғына дейін жасалған музей коллекциясының тоқылған бұйымдары, өткен тарихқа көз жүгіртіп, осы өнер түрінің қалыптасуы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Орталық Қазақстан сияқты үлкен этникалық бай көріністері бар аймақ, қолданбалы өнер туындыларын зерттеу үшін көркемдік алуандығымен ерекше қызығушылық тудыратынын атап өткен жөн. Бүкіл музей қорындағы тоқыма бұйымдарын зерттеп талдасақ, онда ою-өрнектердің композициясына, символикасына, тоқыма бұйымдарын жасау техникасы мен әдістеріне қатысты бірқатар қызықты фактілерді ашады.