Балқаш қаласының 85-жылдығына арналып, жоспарланған «Қариялар естелігіндег қала тарихы» жобасының мақсаты осы онжылдықтар ішінде қала тарихында болып өткен айтулы оқиғаларды жұртшылыққа ұсыну еді. Жобаның Республика күні қарсаңында жарыққа шыққан кезекті санында тәуелсіздік жылдарында қала өмірінде болып өткен ерекше оқиғалардың бірі: «100 мектеп, 100 аурухана» жобасымен пайдалануға берілген Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің қысқаша тарихымен қаламыздың көнекөз тұрғындарының бірі, тарихшы Еркен Ажанұлы Абдуллин таныстырады. 2008 жылы еңбек жолын бастаған бұл еңбек ұжымы осы аз ғана уақыт аралығында мектеп ғимаратының ауласын жасыл желекке бөлеп, гүлзарға айналдырып қана қоймай, сапалы білім беру тұрғысында да қаламыздың жетекші білім ордасына айналды