Музей жұмысында тек өлкетанушылық бағыттағы емес, жалпы отандық тарихтың айтулы кезеңдерін көпшілікке таныту мақсатындағы да іс-шаралар да ұйымдастырылады. «Ресейдің 1867- 1868 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік басқару реформалары» тақырыбындағы кезекті лекция XIX екінші жартысындағы Қазақстанның Ресей империясының құрамына толық өткенін құқықтық тұрғыда бекіткен әкімшілік басқару реформаларының мазмұнымен, тарихи маңызымен таныстырады. Лекция аудиториясын Балқаш медициналық колледжінің студенттері құрады.