25 қазан - Республика күні. Бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту – мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан алғанда маңызды қадам. Осы мерекеге орай, Балқаш сервис колледжінің студенттерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер Отан, Қазақстан және президент жолдауы жайында өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, еліміздің кешегі, өткені мен бүгінгі күндеріне, болашаққа көз жүгіртіп, ойларын саралады. Жолдауға қатысты сұрақтар қойылып, жастар өзара ой-пікірлерімен алмасты.