2011 жылы қалалық әкімдіктің қаулысымен мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында «Мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ашылды. Орталық жанынан құрылған 16 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді. Оның ішінде «үлгілі» және «халықтық» мәртебесіне ие 2 ұжым бар. Олар «Ветерок» үлгілі хореографиялық би ансамблі мен «Живая память» ардагерлердің халықтық хоры. Орталықтың ұйымдастыруымен жылда дәстүрлі түрде 13 фестивальдар мен конкурстар өткізіледі: «Сайра, бұлбұл», «Күй-құдірет», «Ән әлемінің падишасы», «Балқаш аруы» және т.б.