Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні ретінде атап өтіледі. Осы күнге орай мүмкіндігі шектеулі жандармен «Менің қолымнан бәрі келеді...» атты бейнероликтер байқауы өтті. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың ерік-жігерін нығайту, талантын ұштап, олардың арасынан белсенді адамдарды анықтап, өзгелерге үлгі ету, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, әлеуметтік бейімдеу. "Үлкен Жүрек" Балқаш қалалық қоғамдық бірлестігі және Балқаш қалалық «Мүгедектер қоғамының» мүмкіндігі шектеулі жандары қатысты. Қатысушылар «Мен туралы....» немесе «Менің сүйікті қалам» тақырыбында түсірген бейнероликтерін сайыс сарабына салды. Жүлдегерлер алғыс хат және арнайы сыйлықтармен марапатталды.