«Орталық Қазақстанның көрнекті зерттеушілері» лециялар циклінің қазан айындағы саны Қазақстан археологиясының көш басында тұрған, қазақтардың арасындағы археология саласында ең бірінші кәсіби білім алған, жеріміздің көне дәуір ескерткіштерін зерттеуде көп еңбек еткен ғалым, ұстаз Әбдіманап Медеуұлы Оразбаевтың археология ғылымына қоскан үлесіне арналды. Лекцияда Ә.М. Оразбаевтың шыққан тегі, өскен ортасы, маман, ғалым, ұстаз болып қалыптасу жолы, оның Қазақстанның қола, ерте темір дәуірі ескерткіштерін зертеудегі ғылыми жетістіктері, археолог мамандардың бірнеше ұрпағын дайындап тәрбиелеудегі орны туралы мәліметтер берілді.