Балалардың тарихты зерттеуді бастамас бұрын жаңа пәнге қызығушылық таныту керек. Музей экспонаттарымен танысу мақсатында Археология залында мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиеленушілері үшін "Мен археологпын" ойын-викторинасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар археологтардың жұмысы және археологияның адам өміріндегі рөлі туралы білді. Кішкентай тарихшылар қазба жұмыстарын жүргізіп, құмнан табылған жәдігерлермен танысып, заттар арқылы олардың арасындағы байланысты орнатуға тырысты.