Балқаш мыс өзінің жоғары тазалығының арқасында бүкіл әлемге танымал болды. 1967 жылы 21 қыркүйекте МО маркалы Балқаш мысы Лондон металдар биржасында Сапа белгісі болып тіркелді. 1967 жыл, 5 қазан. Бүкілодақтық импорттық-экспорттық бірлестіктің БКМК директорына жазған хатынан:"...Толық жете қарап шықаннан кейін осы жылдың 21 қыркүйегінде Лондон металдар биржасы сіздің комбинатыңызда өндірілген МО маркалы мысты тіркеуге алу туралы шешім қабылдады. Бірлестік осы маңызды іс-шараны өткізуге көмектескені үшін комбинатқа алғысын білдіреді және болашақта комбинат барлық экспорттық тапсырыстарды уақтылы және сапалы орындайды деп сенеді...»