Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлағатты есім» көрмесі жұмыс істеуде. Көрмеге қойылған фотосуреттерден, газет материалдардан, кітаптардан қаламыздағы алғашқы білім ордаларының тарихи шежіресін көруге болады. Мұнда алғашқы ұстаздар, білім беру ісінің ардагерлері Ғ. Тлеулин, Т. Нұраш, Қ. К. Көшімбаев, В. Мажитова, , Р. Хасенов, Р. Мұратбеков, Т. Тлеубеков, Ә. Шаншарбаев, З. Дәкібаев, А.Л. Орлеанская, А.А. Кобзева, Р.С. Гехт, В.А. Сейпульник, А.И. Ветлужских және т.б. ұстаздық ету жолындағы ерен еңбектері, ұрпақ тәрбиелеп, өнегелі ұстаз болудағы атқарған игі істерін фотосуреттер мен кітаптардан, басылым беттеріндегі ақпараттардан және жұмыс барысында қолданылған жұмыс дәптерлерімен, қолтаңбалары қалған қойын дәптерлерінен көруге болады.