Қарттар күні мерекесі аясында «Қарты бар ел - қазыналы ел» атты кездесу - сұхбат ұйымдастырылды. Кездесуге мектеп оқушылары және Балқаш қаласының ардақты ақсақалдары мен әжелері шақырылды. Іс-шарада өнеге тұтып, тәжірибе алатын қарттарымызбен сырласа отырып, жылдар бойы жинақтаған білімдерімен, тәжірибелерімен, халқымыздың салт дәстүрлері мен қаламыздың кешегісі мен бүгіні жайлы естеліктермен бөлісті. Ықылым заманнан келе жатқан ұлттық мұралары музейдегі жәдігерлер туралы ақпарат берілді.