Қалалық музейде өлкетанушы, инженер-геолог Ю.Г.Поповтың туғанына 85 жыл толуына орай "Балқаш өңірінің білгірі" атты көрме ұйымдастырылды.Бірне жылдар бойы Ю.Г Попов Орталық Қазақстанды зерттеумен жəне осы аймақтағы қалашық, елді-мекендердің ашылуымен,сондай ақ өлкемізден шыққан атақты адамдарды зерттеумен айналысты. Ғалым өз зерттеулерінде басқа өлкетанушы ғалымдардың ұсыныстарын, жергілікті ақсақалдардың көзбен көрген өсиеттемелерін, архивқұжаттарын пайдаланды. Балқаш қаласының музей қызметкерлері өлкетанушы Ю.Г.Попов өз мұрағаттарының бір бөлігін, оның ішінде, Балқаш, Қоңырат жерлеріне қатысты ауқымды ақпаратты біздің музейге тапсырғанын мақтан тұтады. Геолог М.Русаковтың Балқаш аймағын зерттеу экономикалық және өнеркәсіптік игеру тарихы туралы мәліметтер. Ю.Г.Поповтың очерктері, "Балхашский рабочий" газетінің беттеріндегі мақалалары, кітаптары оқылып қана қоймай, отбасылық мұрағаттар мен кітапханаларда да сақталған.