Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Қазақстан жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күнін атап өтеді. Бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігінің өзекті мәселелерінің бірі – ол жас ұрпақтың тәрбиесі. Олай болса, мына бейнетүсірілім арқылы биыл балалар жылы аясында балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына еңбек тәрбиесінің маңыздылығын көрсету болып отыр. Балалардың еңбегі күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері. Тәрбиелеушілік маңызында, еңбекке тәрбиелеу оның жас ерекшелігіне сай жүргізілуі тиіс. Мысалы. Үй жинау, ыдыс жуу, әсіресе өз киімдерін уақытылы күтіп ұстауға, бала назарын аудару - бұл басты міндет. Бала Еңбек ету барысында бойында ерекше қасиеттер қалыптасады, олар: белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге талпыну, өз көзқарасын қорғау т.б. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Келешектегі баланың еңбекпен айналысуы - бұл жанұяда басталады.