2007 жылдың қыркүйегінде Балқаш қаласының Тәуелсіздік алаңында Қазақ елінің батыры Ағыбай Қоңырбайұлына ескерткіш ашылды. Ескерткіштің авторы - белгілі қарағандылық мүсінші Жаубасар Қалиев. Ағыбай батырдың портреті сақталмағандықтан, мүсінші батыр бейнесін құрастыруда замандастардың сипаттамаларын қолданған. Алғашқы нұскауларын жасау барысында, ол Ағыбай батырдың 60 жасында түскен суретінің кошірмесіне сүйенген. Сүреттің түп нұсқасы Эрмитаж қорында сақталған. Жалпы композиция классикалық образда берілген, сонымен қатар ұлттық ерекшелік, қазаққа тән динамика сақталған. (сауыт сайман, қару-жарақ, ат-мәзірлері). Батырдың тек күші ғана емес, рухани парасаты да көрсетілген. Бұл батырдың ат үстіндегі нық және еңселі отырысы мен аттың жүрісінен сезіледі. Тұғырын есептемегенде, оның құны 30 млн тенгені құрады. Салмақты үлесті қосқан «Түсті металл оңдеу зауыты» АҚ, жеке азаматтардың да ақшалай көмегі көрсетілді.