Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің «Өлкетану жаршысы» шағын ақпараттық парағының кезекті  «Тәуелсіздік алаңы» шығарылымында Балқаш қаласында егемендік жылдарында пайда болып, қалалықтар мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына  айналған Тәуелсіз алаңы жайлы шағын мәліметтер беріледі.  Есімі қазақ халқының бостандық  үшін күресімен тығыз байланысты Қараменде би бабамыздың атындағы көшенің бойына орналасқан  алаңда  тәуелсіздік ұғымымен символдық бірлікті құрайтын – Ағыбай батыр, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» ескерткіштері орналасқан.