Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің этнография залында⠀«Қазақтың ұлттық спорттық ойындары» танымдық ойын-кездесуі өткізіліп, шараға қатысқан Абай атындағы №2⠀лицейдің жазғы мектеп оқушылары әуелі қазақтың ұлттық спорттық ойындары туралы мәліметтермен⠀танысқаннан кейін екі топқа бөлініп, арқан тартыс, асық ойнау сияқты ұлттық ойын түрлерін жаңғыртып, күш сынасты.