Музейдің "Экспозициядағы тарих куәгерлері" айдарының кезекті шығарылымында сіздер ежелгі аяқ киімнің бірі – шәркейдің шығу тарихын, оны тоқу әдістері, тоқуда қандай материалдар мен құралдар қажет екендігі туралы білесіз. Шәркейді дәстүрлі түрде орыс, украин, мордва, француз, бельгиялық, норвегиялық және басқа халықтардың шаруалары пайдаланатын. Олар ең арзан және қарапайым аяқ киім болып саналды. Балқаш музейінде бірнеше аяқ киім бар, олардың кейбіреулері уақыт өте келе қарайып кеткен, бірақ бастапқы пішінін сақтап қалған.