6 сәуірден бастап музейде Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне орай «Қазақстан – ғарыш айлағы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда ғарыш әлеміне саяхат жасау, ойлап қарасақ ешқандайда ерекше дүние емес секілді. Бірақ осыдан бір ғасыр уақыт бұрын космосқа сапар шегу ертегі әлеміне сапар шегумен пара - пар еді. Көрмеге осындай ғарыш әлеміне саяхат жасап, аспан мен жер дүниесіне жол салған адамдар КСРО – ның ғарышкерлерінің (Ю.А.Гагарин, ) фотосуреттері және адамзаттан бұрын космосқа барған Белка мен Стрелка иттері жайлы «Встреча с первыми космонавтами», 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшқан, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы,Тоқтар Әубәкіровтың 1992 ж., 2002 ж. Балқаш қаласында іссапардағы фотосуреттері және Балқаш қаласынан шыққан ұшқыш - ғарышкер 2001 жылы 19 сәуірден 1 мамыр аралығында Индевор STS – 100 шаттле маманы ретінде 11 күн 21 сағат 31 минут 14 секунд ғарышқа сапар шеккен Юрий Валентинович Лончаков фотосуреті және газет материалдары және космос әлемі бейнеленген белгілер мен маркалар, ашық хаттар қойылды.