2018 жылдың 04-05 сәуірінде қалалық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын талқылап, қолдау көрсетуге арналған іс шаралар - дөңгелек столы мен сұхбат-отырысы өткізілді.
Шараға қатысқан Балқаш көпсалалы колледжі мен «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері Жолдаудың әр бекітілген салалары бойынша өз пікірлерін білдіріп, қызу пікірталасқа түсті. Қатысушылардың ерекше көңіл аударғаны әрине, Жолдаудың білім беру саласын дамытуға арналған жетінші саласы болды. Колледж тарих пәнінің оқытушысы М.Ж. Мұстафина, ОП-09-17Р тобының студенттері Н. Қасеин, Ү. Амирханова және ОЧС-09-17Р тобының студенті М. Гасимкуловтар өз сөздерінде Елбасының Жолдауында белгіленген жедел дамудың кепілі ретінде белгіленген 10 басым бағыттардың әрқайсыларына тоқталып өтті.
Дөңгелек столдағы пікір алысуды аяқтай келе қатысушылар еліміздегі орын алып отырған саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикалық, саяси және рухани жаңғыруға барлық жағдай жасалғанын бірауыздан атап өтті.