Наурыздың 28-де ұлттық өнеріміздің алтын арқауының бірі саналатын «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге қойылған (алаша, түскиіз, құрақ көрпе т.б.) қолөнер туындыларынан өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің,салт-дәстүрінің нақтылы көрінісін көруге болады. Бұл көрменің бір ерекшелігі мұнда қойылған барлық қолөнер бұйымдар біздің жергілікті тұрғындарымыздың шығармашылығынан туындағын қолөнер бұйымдары. Атап айтар болсақ, қолөнер шебері, ҚР суретшілер одағының мүшесі Ө. Әбеуовтың аппликацияланып жасалған туындысы «Металлург», гобелендер, ағаштан жасалған бұйымдары және өңіріміздің қолөнершілерінің аппликацияланып, плюштен, әдіптеліп жасалған түскиіздері, ағаш станоктарда тоқылған алашалар, жүннен бастырылып оюланған сырмақтар және т.б.