23 ақпанда «Инженер – зерттеуші, КСРО Мемлекеттік Сыйлығының иегері Е. Антоновский», туғанына 115 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды. Е. Антоновский 1933 жылдан бастап қоңырат кенінен молибденді бөлу мәселесімен айналысты. КСРО-да алғаш рет молибденнің концентратын алып шығарды, осы жетістігі үшін 1942 ж. КСРО Мемлекеттік Сыйлығымен марапатталды. Е. Антоновский әр жылдары Тәжірибелік байыту фабрикасының мен молибден фабрикасының бастығы болып қызмет етті. Көрмеге қойылған 1938-1939 жж. мінездемелер, жеке іс қағаздарындағы бұйрықтар, газет материалдары, фотосуреттер және басқа да материалдар білікті инженердің ғылыми-ізденістік және өндірістегі жемісті қызметтері жайлы ақпараттар береді.