16 ақпанда қалалық музейдің табиғат залында оқушыларды туған өлке табиғатымен таныстырып, олардың бойында табиғатқа деген қамқоршылық ұстанымдарды сіңіру мақсатында «Балқаш көлі» тақырыбында өлкетану оқуы өтті.
Шара барысында оқушылар Балқаш атауының шығу тегі жайлы аңыздармен танысып, оның жағалауын мекендейтін бай жануарлар дүниесімен танысты. Сонымен бірге балалар көл туралы өлеңдер оқып, «Туған жер» атты әнді шырқады.