Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай, жауынгер - интернационалисттеріміздің батырлығын, ерлігін құрметтеп, болашақ жас жеткіншектерімізді ерлікке, ұлтжандылыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында, мұражайда ақпанда көрме ашылып, ақпан күні «Ауғанстан асуында от кешкендер» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге сол бір қанды қырғын кезеңдерде, қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, жауынгер – интернационалисттер – Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Исбек Серекбайұлы Жапенов және Сайран Бақытұлы Жалелов қатысып, студент жастар мен қалалық орта мектептердің оқушыларымен тағлымды дүниелер төңірегінде ой салып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Кездесу барысында №8 орта мектебі кадет сыныбының болашақ сарбаздары ардагер – жауынгерлерімізге арналған шығармашылық тарту мен соғыс алаңынан елге оралмай, қыршын кеткен жерлестеріміз Самат Нұрғалиев пен Анатолий Антоновқа арналған слайд - фильм, кеш қонақтарының ыстық ықыласына бөленді.