Музейде жоспарлы түрде азаматтардың құқықтық білімдері мен мәдениеттерін жетілдіру мақсатымен көптеген іс - шаралар ұйымдастырылады.
Соның бірі – «Жемқорлықпен күрес – жарқын болашақ үшін күрес» тақырыбындағы 12 қаңтарда өткен дәріс беру сабағы болды. Іс шара барысында сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселелері көтеріліп, жемқорлықпен қарсы күреске мемлекет пен қоғам бірлесе шығуы керек екендігі айтылды. Балқаш қаласы көпсалалы колледжінің заң бөлімінің студенттері осы мәселе бойынша өз ойларын ортаға салып белсенді азаматтық ұстанымдарын білдірді.