06 шілде күні қалалық музейде "Ел жүрегі - елорда шежіресі" көрме-викторинасы ұйымдастырылды. Көрме материалдары негізінде музей қызметкерлері келушілерді елорда тарихының ең ерте кезеңдері – Ақмола форпостынан бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу тарихымен, қаланың маңызды архитектуралық құрылыс кешендері, сәулет өнерінің бірегей туындыларымен таныстырды. Іс-шараға келген жазғы мектеп лагерлерінің тәрбиенушілері елорда тарихы бойынша жарыса отырып, «Сөз жұмбақ» атты танымдық – білімділік сайыстарына қатысты. Сонда-ақ, Нұрсұлтан қаласының архитектуралық ерекшеліктерімен көзге түскен ғимараттары мен ескерткіштері, мәдени ошақтары («Бәйтерек», «Хан - шатыр», «Ақ Орда», т.б.) бейнеленген слайдты тамашалады.