Қазіргі заманғы адамзаттық деңгейдегі қатерлі қоғамдық-әлеуметтік індеттің ең қатерлісі болып саналатын есірткіге қарсы күрестің сапында болып, оның алдын-алу үшін қажетті әрекеттерді жасау барша қоғамдық-мемлекеттік институттардың, жалпы қоғам мүшелерінің міндеті. Музей қызметкерлерінің «Есірткіге қарсы бірге күресейік» акциясы бойынша үгіт-насихаттық үндеу парақшаларын таратуы да осы жалпықоғамдық күреске қосылған үлес болып табылады.