23 маусым ҚР полициясы күніне арналған «Бейбіт күннің сақшылары» лекциясына лектор ретінде шақырылған Балқаш қаласы полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция капитаны Анар Қожановна Қалымжанова Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейіне экскурсияға келген Ақтоғай ауданы Ортадересін жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы демалыс лагерінің оқушыларына құқықтық мемлекеттің азаматтары болудың іргетасы балалық шақта қаланатынын, сондықтан осы бала шақтан тәртіпті болуды үйренудің маңызы мен жолдары жайлы қызықты әңгімелеп берді.