Қалалық музейде "Туған жердің тұлғасы" циклы бойынша металлург Юрий Кенсоринович Победоносцевтің еңбек жолына арналған көрме ұйымдастырылды. Ю.Победоносцевтың есімімен БКМК-ның техникалық дамуындағы көптеген жаңалықтар байланысты. Оның еңбек жолы - ауысым шебері, шағылыстыру бөлімінің және техника бөлімінің басшысы, соңында комбинаттың бас инженері. 1948 жылы Кеңес Одағы бойынша алғаш рет комбинатта өнеркәсіп өнімдерін күйдірудің қалдық газдарынан рений өнімдерін алу технологиясы игерілді. Балқаш комбинатының ғана емес, сонымен қатар отандық түсті металлургияның барлық саласының дамуына қосқан үлесі үшін Ю.Победоносцев екі рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды, екі рет КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына, Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болды. Оның есімімен жыл сайын комбинатта үздік инженерлік-техникалық қызметкерге берілетін сыйлық тағайындалған еді.