Маусым айында атап өтілетін халықаралық әкелер күніне орай өткізілген «Сайына қарай саласы, әкесіне қарай баласы» қызықты кездесулер клубының отырысына қаламыздағы үлгілі отбасылар: дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, самбодан КСРО спорт шебері, садақ атудан ҚР спорт шебері, осы спорт түрлерінен халықаралы және республикалық дәрежедегі төреші, құсбегілік пен ат баптау өнерінің шебері, үш баланың әкесі, үлкен балалары Медине мен Жанәлісі де садақ тартудан ҚР спорт шеберлері - Жұмағазы Мұхаметжанов кіші ұлы Райымбекпен, және үш баланың әкесі, теміржолшы Ерден Қасенбеков ортаншы балалары, бүгінде Балқаштың ғана емес еліміздің мақтанышына айнала бастаған боксшы, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, әлемнің әр елдерінде өткізілген көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы, жастар арасында екі дүркін Азия чемпионы Ерасылмен бірге қонақта болып, әкенің, жалпы ер адамның отбасы мен ел алдындағы жауапкершілігі жайлы ойларымен бөлісті.