Қалалық музейде «Туған жердің тұлғасы» рубрикасы бойынша КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты болған, құрметті металлург және спорт шебері Амангелді Құсайыновтың еңбек жолына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге А.Құсайыновтың қордағы материалдары, еңбек жолы жайлы жазылған газет мақалалары, фотосуреттер мен тағы басқа материалдар қойылды. А.Құсайынов ерен еңбегі үшін III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен және көптеген құрмет грамоталарымен марапатталған.