Балқаш қаласының 85-жылдығына орай қаламыздың көрікті алаңдары мен көшелерін таныстыру мақсатындағы арнайы экскурсиялар жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті экскурсия барысында көрермендер мен экскурсияға қатысушылар балқаштықтар мен қала қонақтарының сергіп, серуендейтін қаладағы ең көрікті орны – Жағалаулық демалыс алаңымен танысты.