Музейдің 10 маусымдағы далалық экспедициясы Бектауата тауы қойнауындағы орналасқан ХІХ соңы – ХХ ғасырдың басында салынған мазарлардың сақталу деңгейін тексеріп қайту мақсатында ұйымдастырылды. Экспедициялық жұмыс барысында Бектауата тауы қыратының солтүстүгінде орналасқан ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Қаракесек-Әлтеке Жидебай батырдың ұрпақтары Қазақбай Куат Балапанұлы (1852-1895) және Казакбай Медетбай Балапанулының (1829-1919) саман кірпіштен салынған мазарларының сақталу жағдайы туралы мәліметтер жиналды.