Мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерлерлері оқушыларын музей залдарындағы экспонаттар қойнауында жасырынған тарихи оқиғалардың сарынымен таныстыру үшін балалардың қабылдау деңгейіне бейімделген көптеген ойын-викториналар ұйымдастырылуда. Мәселен, «Мен – көпес!» ойыны бойынша ортағасырлардағы Қазақстан қалаларының негізгі экономикалық-мәдени өмірінің орталығы – базардағы басты тұлға «көпестің» роліне енген музей қызметкері «қала тұрғындарының» ролін ойнаған оқушыларға дүкен «сөрелеріне» қойылған «тауарлар» бейнесіндегі музейдің этнографиялық экспонаттары арқылы тарихты танып білуге талпындырды.