Медицина қызметкерлері күніне орай қалалық музейде медицина қызметкерлері күніне орай «Адам жанының жанашырлары» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған материалдарда Балқаш қаласының медицина қызметінің дамуы тарихы көрсетілген. Балқаштағы алғашқы медициналық мекеме 1932 ж. ұйымдастырылған, оны Алматыдан келген дәрігер В.Строганов басқарған. Фотосуреттерде көрсетілген жертөлелер мен барақтарға назар аударғанда, алғашқы медициналық қызметкерлер қандай қиын жағдайда еңбек еткендерін көре аламыз. Көрмеде орын алған қалалық денсаулық сақтау бөлімі альбомдарының беттерінен Балқаш қаласының денсаулық сақтау жүйесінің құрулуымен танысамыз.