1917 жылы құрылған Алаш ұлттық партиясы Қазақ халқының ұлт-азаттық күресін жаңа деңгейге көтерді. Қазақ халқы басқа да өркениетті халықтар қатарында ұлт-азаттық күресінің жаңа европалық-парламенттік түріне көшті. Жалпы айта кету керек Ресей империясыныңы Азиялық бөлігін мекендеген халықтары арасында азаттық күресінің осындай өркениетті түріне өте алған тек қазақ халқы ғана болатын. Оның жарқын көрінісі осы Алаш ұлттық партиясының құрылуы еді. Алаш партиясының құрылуы мен қызметі тарихына арналған тарих сағатына қатысқан №2 Абай мектеп-лицейінің оқушылары партияның құрылуының басы –қасында болған Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық зиялы топтың қызметі жайлы деректермен танысты