1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл жарқын мереке барлық ересектерге өскелең ұрпақ алдында жүктелген жауапкершілікті еске алатын сәттердің бірі. Мереке аясында музейде "Балалық шақ алаңы" іс-шаралар топтамасы ұйымдастырылды. Балалар үлкен қызығушылықпен мерекелік іс-шараға қатысып, көңілді және қызықты музыкалық нөмірлермен және билермен сүйемелденген квест ойнады.