ХХ ғасырдың 20-50 жылдарында КСРО-да жаппай орын алған саяси-репрессиялық басқару тәртібінің зардаптары әсіресе Қазақстанда қатты көрініс тапты. Жан басына шаққанда саяси репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілгендер саны жағынан болсын, аштықққа ұшырағандар саны жағынан болсын- аштықтан қазақ халқының 3/2 қазаға ұшырады- дәл қазақ халқындай еш Кеңес халқы апатқа ұшыраған жоқ. Осы қасіретті оқиғаларды атап өту күніне байланысты музейде өткен «Зұлмат жылдар құрбандары» көрме-лекциясына қатысқан Ә. Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттері аштық пен репрессияның Балқаш өңіріндегі апатты деңгейі жайлы деректермен де танысты.