«Тарихи күнтізбе» ақпараттық парақшасының 25 мамырдағы шығарылымы қазақ халқының тарихындағы ең ауыр трагедия - 1930-1933 жылдардағы аштық тарихының бір бетін парақтауға арналып отыр. Аштықтың қанды зардаптары туралы Мәскеуге, Қазақ өлкелік басшылығына зиялылар мен қарапайым адамдардан көптеген мәліметтер келіп түскен еді. Солардың ішінде қазақ Кеңес әдебиетінің классигі Ғ. Мүсірепов бар бір топ зиялылардың республика жетекшісі, осы аштықтың «авторы» И.Голощекинге жазған хаты да бар еді. Арнайы шығарылымда осы бүгінде «Бесеудің хаты» атымен белгілі хаттың мазмұны жайлы мәліметтер беріледі.