Балқаш қаласының 85-жылдық мерейтойына арналған «Қариялар естелігіндегі қала тарихы» музейлік жобасының мамыр айындағы шығарылымына шақырылған қаламыздың құрдасы, қала мен өлке тарихы жайлы 400-ге жуық мақалалардың авторы, өлкетанушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Күләш Ыбыжанқызы Сардарбекова қала тарихының ең қайғылы беті – қала құрылысына қатар келген 1930-1933 жылдардағы аштықтан жан сауғалап құрылыс алаңына жетіп, көмек ала алмай ажал құшқан 50 мыңдай қазақтың қырғынға ұшырауы жайлы деректерді көпшілікке ұсынып отыр.