18 мамыр Халықаралық музейлер күніне арналып «Туризм – кәдесыйлар өндірісі шағын кәсіпкерлігін тиімді дамытудың және қала имиджін көтерудің кепілі» семинары болып өтті. Семинарға қатысқан қаламызда сувенир жасау ісімен 1958 жылдан бері айналысып келе жатқан ардагер қолөнерші В.В. Верещагин, қолөнершілер Ұ. Есімхан, С. К. Ким, В. Микрюкова, Б. Акыбаевалар мен Ә. Бөкейханов атындағы №15 және Абай атындағы №2 мектеп-лицейлері, Әль-Фараби атындағы және Ы. Алтынсарин атындағы №25 орта мектептерінің «Көркем еңбек» пәні оқытушылары мен шәкірттерінің ағаштан, металлдан, матадан, жүннен, шиден тоқып жасаған қолөнерлік-кәдесыйлық туындыларының үлкен көрмесі ұйымдастырылып, «Сәнді түйреуіш жасап үйренейік» және «Жібек лентамен кестелеу әдісі» шеберлік сағаттары өткізілді. Қала көшелеріне жасалған «Көкше көлдің жағалауындағы әсем қала» автобустық экскурсиясымен шара мәреге жетті.