Балқаш қаласындағы көне оқу орындарының бірі қалалық медициналық колледжінің 70 жылдық мерейтойына арналған «Дәрігерлер шеберханасы» қызықты кездесулер клубының отырысына шақырылған осы оқу орнының ардагер ұстаздары, колледждегі еңбек өтілі 51 жылға толған Мая Адильханова Мусина мен 44 жыл ұстаздық етіп, әлі де болашақ дәрігерлерге дәріс беру ісін жалғастырып келе жатқан Айымкүль Хайдаровна Бейсембаевалар кездесуге қатысқан колледж студенттеріне дәрігерлік мамандықтың қыр-сырын меңгеруге қажетті қасиеттер жайлы әңгімеледі.Студенттер де ардагер ұстаздарына сұрақтар қойып, қызықты да пайдалы мәліметтер алуға ұмтылды.