Балқаш музейінде «Туған жердің тұлғасы» айдары бойынша Рахман Кенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Еңбек адамының қамқоршысы» атты көрме ұйымдастырылды. Рахман Кенбаев - 1968 – 1982 жылдар аралығында Балқаш кен – металлургия комбинатында кәсіподақ комитетінің төрағасы болған, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері. Қала жастары⠀Рахман Кенбаевтың өмір жолымен, оның ішінде, комбинат жұмысшыларының әлеуметтік сұрақтарын шешуде, өндірістегі жұмыс деңгейін жақсартуда көптеген игі істерге бастама жасағаны туралы, сондай-ақ, 1977 ж.⠀Балқаш тау кен металлургия комбинаты туралы жазған «Люди медного гиганта»⠀атты⠀тарихи очергімен танысты.⠀