Өлкетану жаршысының «Әлемдік сапаға қадам» шығарылымы Балқаш мыс заводының өндірістік қуатының жаңа сапалық деңгейге көтерілу тарихын айшықтайтын электролит цехының ашылуының 70 жылдығына арналды.⠀ Балқаш мыс заводы 1938 жылдың қараша айынан бастап ел өндірісін қар мыспен үздіксіз қамтамасыз⠀ете бастаған еді. Алайда елімізге сапасы жоғары рафинадталған мыс қажет еді. Сол себепті 1940-жылдың соңынан бастап электролитті цехтың құрылысы басталды да ол 1952 жылы 17 мамырдан бастап рафинадталған мыстың алғашқы тонналарын бере бастады. Міне, осы уақыттан бастап 70 жыл бойына балқаштық электролитчиктер шикізаттың қандай да бір сапасына қарамастан әлемдік сауда нарығына сапалы мыс шығарудан танған емес.⠀⠀