Жеңіс күні қарсаңында музейде Балқаштың моделистері жасаған ұшақтар және басқа да техника макеттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде тағдыры жеңіске жетумен тығыз байланысты "Т-34" танкының макеты, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында таптырмайтын ұшақ ретінде белгілі жауынгерлік планердің макеті, "Түнгі шайтандар" деген немістер қойған лақап атқа ие болған әйгілі 46-шы гвардиялық түнгі бомбалаушы авиациялық полкы пайдаланған "По - 2" ұшағының макеті, сондай-ақ әртүрлі материалдардан жасалған су көлігі техникасының үлгілері. Ұсынылған техника түрлері, қарапайым немесе күрделі нұсқалар болсын, өзінің дәлдігі мен нақтылығымен таң қалдырады.⠀