Қазақ халқының тарихы батырлық пен төзімділікті көрсететін тағдырларға толы. Ұлы Отан соғысы да сол батырлықтың айқын көрінісінің бірі.⠀04 мамырдан бастап Балқаш қалалық музейінде Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған «Соғысты көрген тағдырлар» атты көрме ұйымдастырылады. Көрмеден келушілер Кеңестік жауынгерлеріміздің әскери киімдерінен бастап, қару – жарақтарын, оның ішінде майдан шебінен әкелінген зеңбірек, әскери жабдықтар,⠀батырларымыздың фотосуреттерін, майданнан жазған хаттарын т.б. құжаттарын көріп, олардың жауынгерлік тағдырларымен танысты.⠀Бір соғыс, бірақ адамдардың тағдыры әртүрлі. Ұлы Отан соғысына Балқаштық сегіз мыңнан астам адам қатысқан. Ал бүгінгі күні солардың біреуіде қалған жоқ. Батырлар өмірден кетеді, олармен бірге тұтас бір дәуірде өтеді, қалатын тек музей экспонаттары түрінде естеліктер⠀