1 мамырда⠀Балқаш қаласындағы ең әсем архитектуралық⠀ғимарат – М.Хамзин атындағы Металлургтердің мәдениет сарайының ашылғанына 70 жыл толады. Осы мерекелік күнге орай Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі мен Балқаш мәдени-сауық орталығы №10 орта мектебінің 8 сынып оқушылары үшін қаламыздың бас мәдениет орталығының тарихына саяхат жасап, сарай ғимаратына экскурсия ұйымдастырды.⠀