Қос ұрпақтың кездесуі ретінде⠀өткізілген 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Ұлт, ұлысқа ортақ үй - Қазақстан» қонақжайлық бас қосуында қалалық мәдениет қызметкерлері ардагерлер ұйымының төрайымы Ғания Жанасовна Ногаева бастаған кітапхана ісінің ардагерлері Т.А. Қобдинова, М.Умбетова, Р.Ғ. Искакова , Л. Т. Рябчевскаялар Балқаш көпсалалы колледжі ОЧС-0-21Р тобының студенттерімен 1 мамыр мерекесінің қоғамды біріктірудегі⠀рөлі жайлы пікір алмасты. Ардагерлер мен⠀студенттер Шарафиев Расул, Никита Семенов, Никита Худияровтар өз сөздерінде мерекенің кешегі және бүгінгі келбетін салыстыра келе оның⠀адамдарды бірлік пен ынтымаққа шақырудағы концепциясының сабақтастық байланыста сақталғанын атап өтті.⠀⁣⁣⠀